Өзін-өзі бағалау
Біздің мектепке дейінгі шағын орталығында !
ЖШС «Акежан»мектепке дейінгі шағын орталығы – Шымкент қаласындағы Нурсат шағын ауданындағы № 215 ғимаратта орналасқан.Ұйымның жоба қуаттылығы – 7бала. Жұмыс мерзімі: таңғы сағат 8.00 – кешкі 18.30-ға дейін. Жұмыс уақыты : 10 сағат 30 мин. Шағын орталықтың аумағы әсемделген, өңделген, ағаштар, бұталы өсімдіктер егілген, аймақтарға бөлінген.Аймақтағы жабдықтар жөнделген, ағаштар, күркелербоялған. Әрбір топтың ойын алаңшалары бар және қауіпсіздікшаралары қарастырылған. Жаңа оқу жылына балабақша Жылу беру жүйесін қыс мезгіліне дайындау жұмыстарыжүргізілді жан-жақты дайындық жасады, жылу құбырлары ағымдағы жөндеуден өтті. Әрбір топ жеке жататын бөлме және жеке оқу іс-қызметіне арналған бөлмелерінен тұрады. Барлық топтар жаңа жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, көрнекі құралдармен жабдықталған. Корпустарда топтың бөлмелері; ойын бөлмесі, жатын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәретхана, меңгеруші, әдіскер, есепші, медициналық; емшара кабинеті, оқшаулау (изолятор), қабылдау бөлмесі, физиотерапевт кабинеті, логопед, шаруашылық меңгерушісі, қоймашы, пән мұғалімінің кабинеттері, ән-күй, асхана; дайындау цехы, тарату бөлмесі, ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі, салқындату камерасы, құрғақ азық-түлік қоймасы, көкөністер қоймасы, кір жуатын бөлме; үтіктеу бөлмелері, таза төсек әбзелдердің бөлмесі бар. Бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға толық мүмкіндік жасалған. Әр топқа сай алаң бар. Ойын алаңы безендірілген және қажетті ойын құралдарымен жабдықталған. Қимылды ойындардың өтілуіне сай мүмкіндіктер жасалынған. Балабақша айналасы газондандырылған, көгалдандырылған және қоршалған.
Медицина кабинеті балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар, сауықтыруға арналған медициналық құралдармен жабдықталған.
Жұмыс уақыты: 8.00 – 18.30-ға дейін, 5 күндік.
Күндіз – түні жұмыс істейтін топтар жоқ.
Штатпен толық қамтамасыз етілген.
мектепке дейінгі шағын орталықтың ғимараты санитарлық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкестірілген. Бақша бүлдіршіндері жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінген.шағын орталықта 3 топ жұмыс істейді. Оның ішінде 3 топта мемлекеттік тілде оқу-тәрбие үрдісін жүргізеді .
• Ортаңғы тобы(3-4 жас)
• Ересек тобы (4-5 жас)
• Мектеп алды топ (5-6жас)
Оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын педагогикалық ұжым жұмыс істейді.
• меңгеруші – 1
• әдіскер – 1
• тәрбиешілер – 5
• музыка жетекшісі – 1





